Бас прокуратура: Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура: Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды Фото:gov.kz

Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура таратқан мәліметке сәйкес, "тергеу оның түрлі басшылық қызмет атқарған кезеңдерінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру дерегі бойынша басталды".

"Барлық қылмыстық іс бойынша арнайы прокурорлардың басшылығымен жедел-тергеу топтары құрылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Қайрат Қожамжаров – бұрынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарған. Қаржы полициясының генерал-майоры. Әр жылдары Ақмола облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети