Батыс Қазақстан облысының әкімі жастармен жүздесті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жуырда облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңір жастарымен кездесті. Жастармен ашық диалог өткізіп, өзекті сұрақтарға жауап беру, ұсыныстарды тыңдауды мақсат еткен іс-шараға жастар көптеп жиналды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жуырда облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңір жастарымен кездесті. Жастармен ашық диалог өткізіп, өзекті сұрақтарға жауап беру, ұсыныстарды тыңдауды мақсат еткен іс-шараға жастар көптеп жиналды.

Еркін сипатта өткен кездесуде облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуында жастардың рөлі мен қоғамға қосар үлесі туралы пікір алмасты.

Жастар – елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші. Олар білімді, мақсатшыл, креативті. Облысымыздың жастары тек елімізде ғана емес, халықаралық аренада да өз жетістіктерімен танылуда. Спортта, ғылымда, мәдениетте және кәсіпкерлікте үлкен нәтижелерге қол жеткізіп, өңіріміздің абыройын асқақтатып жүр. Соңғы жылдары жастарға қолдау көрсету бағытында облыс әкімдігі ауқымды жұмыстар атқаруда, оның ішінде: мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарды жұмыспен қамту, білім беру гранттарын ұсыну, жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, спорттық және мәдени инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй мәселелерін шешу сынды мәселелерге көп көңіл бөлінуде.

Өңір жастарының өзекті мәселелерін талқылап, жаңа мүмкіндіктерді ашуға бағытталған маңызды алаңда жастар тек өз ойларын білдіріп қана қоймай, келер жылға арналған жоспарлары мен бастамалары туралы ой бөлісті.

Биылғы жылғы Жайдарман ойындарының жоғарғы лигасында жеңіске жеткен "Талант" жайдарман тобының мүшелері, "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты, Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дулат Жүсіпқалиев, "Қаладан ауылға!" жобасы бойынша ауылдық жерден кәсіп ашып, мал шаруашылығымен айналысып жүрген кәсіпкер Шарипа Базарбаева, жас ақын, көптеген хит әндердің ауторы Дәурен Шамұратов және «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілі Тасболат Серікқалиев сөз алып, өз ойларын ортаға салды.

Биыл облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен өңірдегі 32 жас ақынның шығармашылығын қамтыған "Ақжайықтың аспаны" атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Кездесу барысында аталған жыр жинақ өңір басшысына жастар атынан сыйға берілді.

Кездесу соңында жас ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әділет Орынбасаров "Ақ Жайығым" атты өлеңін оқып берді.

Облыс басшысы мен жастар арасындағы пікір алмасу еркін сипатта жоғары деңгейде өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материалды Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro