Белгісіз біреулер Ақмешіт үңгірін тонап, өртеп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгісіз біреулер Ақмешіт үңгірін тонап, өртеп кеткен © Мақсат Шағырбаев

Түркістан облысының полицейлері Ақмешіт үңгірінде болған төтенше жағдайды зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының полицейлері Ақмешіт үңгірінде болған төтенше жағдайды зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылымның мәліметінше, 5 наурызда сағат 9.00-де жергілікті тұрғындардың бірі Ақмешіт үңгірінде тапшандар мен үстелдердің өртенгенін көріп, полицияға хабар берген.

Сондай-ақ, ер адам белгісіз біреулердің үңгірден қазандарды, самаурынды және басқа заттарды ұрлап кеткенін хабарлаған. Келтірілген шығын 300 мың теңгеден асады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайы анықтап, күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Ақмешіт үңгірі Түркістан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан. Жыл сайын мұнда 70 мыңнан аса турист келеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети