Билікте отбасылық жүйе жоқ - Президент

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Билікте отбасылық жүйе жоқ - Президент Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің пікірінше, мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шыққан.


"Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін нақты реформаларды қолға алдық. Бұл – ауқымды әрі күрделі жұмыс. Бүгінге дейін біраз шаруа атқарылды. Елдегі саяси жүйе толық жаңғырды. Ұлттық экономиканың жаңа бағдары айқындалды. Қоғамымыз дамып, азаматтардың сана-сезімі өзгеріп жатыр. Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де отбасылық жүйе жоқ. Азаматтарды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен олардың білімі мен кәсіби білігі ескеріледі", - деді Тоқаев.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қазір елімізде рухы азат, ойы еркін ұрпақ өсіп келеді.

"Заңды сыйлау, тәртіпке бағыну қоғамның мызғымас қағидасына айнала бастады. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан жаңа сипатты ел болу жолына бет бұрды. Бірақ өзгерістерді жасау бір бөлек болса, оны біржола орнықтыру – бір басқа мәселе. Ол үшін ең алдымен қоғам санасы түбегейлі жаңғыруы қажет. Осы ретте сіздерге, яғни ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Себебі нағыз адал азамат" мектеп қабырғасында қалыптасады", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети