Кеше | 12:32

БҚО-да ағалы-інілі екі азаматты 5 миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері бірнеше танысын сан соқтырған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері бірнеше танысын сан соқтырған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдікті таныстарына бірнеше смартфон сатып алуды ұсынып, оларды бастапқы құнынан қымбат бағаға қайта сатуға болатынын айтқан. Ол телефондарды сатып алғаннан кейін несиелерін жауып, қалған ақшаны өзара бөлісетінін айтып сендірген.

Орал тұрғындары күдіктінің сөзіне сеніп, үш iPhone 15 сатып алған және оған 2 миллион теңгеге жуық ақша берген. Телефондарды алған соң алаяқ "ізін суытып", жәбірленушілерді сан соқтырып кеткен.

Тергеу нәтижесінде жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығынның 5 миллион теңгеден астам екені анықталды. Қаржылық шығынға ұшырағандар туған бауырлар болып шықты.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды кез келген жағдайда сақ болуға үндеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course down  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer