БҚО-да орман шаруашылығы инспекторы қайтыс болды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да орман шаруашылығы инспекторы қайтыс болды Серік Мәженов. Фото жеке мұрағаттан

Батыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Серік Мәженов қайтыс болды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның себебі қаруды ұқыпсыз ұстағаннан болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Серік Маженовтің өлімі туралы ақпарат бұрын желіде тараған. Ол браконьерлердің қолынан қаза тапқаны туралы хабарланған еді. 

Экология министрлігі инспектордың қайтыс болғанын растады, бірақ браконьерлердің қолынан қаза тапқанын жоққа шығарды.

"14 желтоқсанда сағат 09.30 шамасында БҚО Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 10-12 шақырым жерде БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы, 1977 жылы туған Серік Сағындықұлы Мәженов қаруды абайсыз қолдану салдарынан қайтыс болды", - деп хабарлады Экология министрлігі.

Қосымша ақпарат нақтыланып жатыр. Министрлік өкілдері марқұмның туыстары мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети