29 тамыз 2024 | 18:30

БҚО Теректі ауданында тағы 23 отбасы баспана кілттерін алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Теректі ауданы, Аңқаты ауылындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жаңа үйлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.


Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Теректі ауданы, Аңқаты ауылындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жаңа үйлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Айта кету керек, баспана зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетудің маңыздылығын атап өткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес салынған.

Аңқаты ауылындағы үйлер "Жайықмұнай" ЖШС демеушілігімен салынды.

Мерекелік шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Өңір басшысы ауыл тұрғындарын қоныс тойымен құттықтап, үйлердің кілттерін табыс етті.

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, су тасқынынан зардап шеккен халыққа заң аясында тиісті көмек көрсетілуде. Көктемгі су тасқыны нәтижесінде Теректі ауданы бойынша барлығы 160 үй апатты деп танылып, 30 үй сатып алынып, 130 үйдің құрылысы жүргізілді. Құрылыс жұмыстарына қолдау көрсеткен демеушілер мен компанияларға шын жүректен алғысымды білдіремін", - деді Нариман Төреғалиев.

Аңқаты ауылының тұрғындары көрсетілген қолдауға ризашылықтарын білдірді.

"Көктемгі су тасқыны отбасымызға үлкен шығын әкелді, бірақ мемлекет бізді апатпен жалғыз қалдырған жоқ. Міне, біз бүгін жаңа, кең, жарық үйімізге кіріп отырмыз. Мәселелерімізге қолдау көрсетіп, қамқорлық танытқан Мемлекет басшысына мың алғыс", - деп бөлісті жергілікті тұрғын Серікқали Төрәлиев.

Айта кету керек, бүгінге дейін облыста мыңнан астам тұрғын үй сатып алынып, зардап шеккен отбасыларға берілген.

Бүгінге дейін су тасқынынан зардап шеккен БҚО тұрғындары Бөрлі, Сырым, Теректі, Бәйтерек аудандарындағы 253 үйдің кілтін алды.

Жалпы Батыс Қазақстан облысында зардап шеккендер үшін 775 тұрғын үй салынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 481.61   535.12   5.24 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети