“Білмеймін“. Трамп Украинадағы соғысты тоқтата ала ма деген сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Білмеймін“. Трамп Украинадағы соғысты тоқтата ала ма деген сұраққа жауап берді The White House

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтата алатынына сенімді емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Air Force One ұшағының бортында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Politico-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтата алатынына сенімді емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Air Force One ұшағының бортында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Politico-ға сілтеме жасап.

Журналистер Трампқа соғысты тоқтата ала ма деген сұрақ қойды.

"Білмеймін. Нақты айта алмаймын", - деді Трамп журналистерге.

АҚШ президентіне Украинадағы соғысты тоқтату басым бағыт па деген сұрақ қойылды.

"Иә. Мен оның тоқтағанын қалаймын", - деді ол.

Сайлауалды науқан кезінде Трамп бірнеше рет Украинадағы соғысты президенттік өкілеттігінің алғашқы күнінде-ақ тоқтатуға уәде берген болатын. Кейінірек ол бұл уәдесінен бас тартып, оны "асыра айтылған сөз" деп атады.

Трамп Ресей мен Украина арасында делдал болуға тырысып жатыр, бірақ Мәскеудің ымыраға келмей жатқаны процесті тоқтату қаупін төндірді. Осы аптада Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Путинмен әңгімелескеннен кейін америкалық көшбасшы бұл сөйлесуден "ешқандай ілгерілеу болмағанын" айтып, қанағаттанбағанын жеткізді.

Зеленский өз кезегінде Трамппен "өте маңызды және нәтижелі әңгіме" болғанын айтып, онда Украина әуе қорғанысы, қару-жарақтың бірлескен өндірісі және "өзара сатып алулар мен инвестициялар" мәселелері талқыланғанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети