Блогер Ақтаудағы жағалаудың 2013 және 2025 жылдардағы жағдайын салыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Блогер Ақтаудағы жағалаудың 2013 және 2025 жылдардағы жағдайын салыстырды Видео кадры

Тревел-блогер Адай Мырзатай әлеуметтік желідегі парақшасында Ақтаудағы жағалаудың 2013 және 2025 жылдардағы жағдайын салыстырып, видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тревел-блогер Адай Мырзатай әлеуметтік желідегі парақшасында Ақтаудағы жағалаудың 2013 және 2025 жылдардағы жағдайын салыстырып, видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Желі қолданушылар видеодағы өзгеріске назар аударған: 12 жыл ішінде теңіз айтарлықтай тартылып қалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мырзатай Адай (@adaymyrzatay)

Видео желі қолданушылары арасында алаңдаушылық тудырды:

"Бұл – XXI ғасырдың апаты".
"Аралдың тағдырын қайталай ма деп қорқамын".
"Қорқынышты. Бұдан кейін не болмақ?".
"Каспийді құтқарыңдар!".

Экологтар мен мамандар Каспий теңізінің тартылуын бірнеше фактормен байланыстырады: табиғи циклдер, климаттың өзгеруі және су жинау алаптарын шамадан тыс пайдалану.

Бұған дейін халықаралық және қазақстандық сарапшылар су айдынының тартылуы мәселесін зерттеген болатын. Олар өз зерттеуінде жағдайдың ушығуы мүмкін бірнеше апатты сценарийін ұсынды және мәселені шешудің бірқатар жолын атады.

Атап айтқанда, жаңа зерттеулердің нәтижесі тіпті судың орташа деңгейде төмендеуі де Каспийдің Қазақстанға тиесілі солтүстік жағалауына қатты әсер ететінін көрсетіп отыр. Бұл - сирек кездесетін жануарлар мекенінің жойылуына, балық аулау мен кеме қатынасының бұзылуына, сондай-ақ халық денсаулығына қауіп төнуіне әкеп соғуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети