Бокстан әлем чемпионатын қайдан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан әлем чемпионатын қайдан көруге болады? Спортты дамыту дирекциясы

Бокс бойынша әлем чемпионатының үшінші күнінде Ливерпульде (Англия) Қазақстан құрамасының төрт өкілі шаршы алаңға шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокс бойынша әлем чемпионатының үшінші күнінде Ливерпульде (Англия) Қазақстан құрамасының төрт өкілі шаршы алаңға шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

6 қыркүйекте Англияның Ливерпуль қаласында бокс бойынша әлем чемпионатының үшінші жарыс күні өтеді.

Қазақстандық боксшылардың ішінде алғаш болып 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – алжирлік Юсеф Ислам Яиш.

Сондай-ақ, 60 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Жексен Филиппин елінен келген Джунмилардо Огайреге қарсы жұдырықтасады.

Осы салмақтағы қазақстандық спортшы Виктория Графеева Косоводан келген Доньета Садикумен кездесу өткізеді.

Ал 75 келіге дейінгі салмақта Надежда Рябец Қытай спортшысы Лина Ванмен жұдырықтасады.

Төрехан Сабырханның жекпе-жегі Қазақстан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда өтеді. Виктория Графеева, Бейбарыс Жексен және Надежда Рябец кешкі сессияда өнер көрсетеді, ол сағат 22:00-де басталады.

Әлем чемпионатын Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен және оның сайтынан тамашалауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети