Бір ғасырдағы ең ұзақ күн тұтылуы қашан болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір ғасырдағы ең ұзақ күн тұтылуы қашан болады? Фото:depositphotos.com

Кейінгі 100 жылдағы ең ұзақ Күн тұтылуы таңғажайып оқиғаға айналмақ. Астроном-ғалымдар бұл ғажайып құбылыс қашан болатынын және оны қай елдердің тұрғындары көре алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейінгі 100 жылдағы ең ұзақ Күн тұтылуы таңғажайып оқиғаға айналмақ. Астроном-ғалымдар бұл ғажайып құбылыс қашан болатынын және оны қай елдердің тұрғындары көре алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Space порталының мәліметінше, "ғасыр тұтылуы" 2027 жылғы 2 тамызда болады.

Ол күні Ай мен Күн толықтай 6 минут 22 секундқа теңеледі. Бұл XXI ғасырдағы, 1991 жылдан бастап 2114 жылғы 16 шілдеге дейінгі аралықтағы, ең ұзақ толық Күн тұтылуы болмақ.

Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылғы 8 сәуірде Мексика, АҚШ және Канадада байқалған толық Күн тұтылуы бар болғаны 4 минут 28 секундқа созылған және ол да ерекше ұзақ саналған.

2027 жылғы 2 тамызда Күннің толық тұтылуы Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы 11 елдің аумағынан өтеді. Атап айтқанда, Испания, Гибралтар, Марокко, Алжир, Тунис, Ливия, Мысыр, Судан, Сауд Арабиясы, Йемен және Сомалиде анық көрінеді. Ал тұтылудың жартылай фазасы Африканың, Еуропаның және Оңтүстік Азияның басым бөлігінде байқалады. Солтүстік Америка сынды өзге аймақтарда ешқандай ерекше күн белсенділігі болмайды.

Space порталы жариялаған картаға сүйенсек, Күн толық тұтылатын елдердің қатарына Қазақстан да кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети