Бір сыныпта үш оқушы: СҚО ауылдарында сегіз мектеп жабылуы мүмкін

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір сыныпта үш оқушы: СҚО ауылдарында сегіз мектеп жабылуы мүмкін Кадр видеодан

Басты себеп – оқушылар санының жеткіліксіздігі. Кейбір білім беру мекемелерінде бала саны үштен аспайды. Солардың бірі – облыс орталығынан 70 шақырым қашықтықтағы Аққайың ауданының Қанжыгалы ауылындағы мектеп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетінші арнаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Басты себеп – оқушылар санының жеткіліксіздігі. Кейбір білім беру мекемелерінде бала саны үштен аспайды. Солардың бірі – облыс орталығынан 70 шақырым қашықтықтағы Аққайың ауданының Қанжыгалы ауылындағы мектеп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетінші арнаға сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы жылдары ауыл халқы күрт азайып барады: жастар мен орта жастағы адамдар жұмыс іздеп көшіп кеткен. Соның салдарынан оқушы саны төмендеп, бастауыш мектепті жабуға тура келген. Енді балалар аудан орталығына арнайы бөлінген автобуспен барып оқиды.

"Өткен жылы мұнда бар болғаны үш оқушы оқыды, олардың барлығы 4-сыныпта болды. Биыл олар бастауышты бітірді, енді біз оларды Смирнов №3 мектеп-интернатына қабылдадық", – деді аудандық білім бөлімінің басшысы Сайрамбек Жақыпов.

Дәл осындай жағдай облыстың тағы төрт ауданында байқалады. Егер 10 жыл бұрын өңірде шамамен 600 мектеп болса, қазір олардың саны небәрі 444, оның басым бөлігі – шағын жинақты мектептер. Өткен жылы 12 мектеп жабылса, биыл тағы сегізін жабу жоспарланып отыр.

"Әрине, обал, мектептің жабылғанын қаламадық. Екі балам да осы жерде оқыды. Жастар көшіп кете бастағаннан кейін халық саны азайды, соған байланысты балалар да азайды. Ал оқушы жоқ болса – мектеп жабылады", – деді ауыл тұрғыны Гүлнар Ыбыраева.

Білім басқармасы мұғалімдердің жұмыссыз қалмайтынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети