Бішкекте Қырғызстан неге Қазақстаннан жанармай сатып алмайтыны түсіндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкекте Қырғызстан неге Қазақстаннан жанармай сатып алмайтыны түсіндірілді Фото:depositphotos.com

Қырғызстанның Бәсекелестікті реттеу агенттігінің директоры Женалы Орозбаев неге жанар-жағармайды Қазақстаннан емес, Ресейден сатып алатыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tazabek-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның Бәсекелестікті реттеу агенттігінің директоры Женалы Орозбаев неге жанар-жағармайды Қазақстаннан емес, Ресейден сатып алатыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tazabek-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Ресей жыл сайын Қырғызстанға шамамен 1,2 миллион тонна жанар-жағармай жеткізеді. Елде бағаға қатысты сұрақ туындайды – егер Қырғызстанда АИ-92 маркалы бензиннің литрі 70 сом тұрса, Қазақстанда шамамен 40 сом (247 теңге – еск.) тұрады.

Көпшілікті "Қазақстанда баға төмен болса, неге Қырғызстан жанар-жағармайды Ресейден алады?" деген сауал мазалайды. Орозбаевтың түсіндіруінше, Қазақстанда халыққа жанар-жағармай бюджеттік өтемақылар есебінен төмен бағамен сатылады, ал өзге елдерге экспортталатын баға едәуір жоғары. Бұл Қазақстан заңнамасында белгіленген.

"Егер Қырғызстан жанар-жағармайды импорттау туралы Қазақстанмен келісімшарт жасасса, біздің ел үшін баға Ресейден келетін отыннан қымбатқа түседі. Бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Қазақстаннан жанар-жағармай сатып алуға Қырғызстанға ешкім шектеу қоймайды, бірақ қазір ол экономикалық жағынан қолайлы емес", – деп түсіндірді шенеунік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети