13 шілде 2024 | 09:43

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Синоптиктер ертең, 13 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер ертең, 13 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 13-14 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 14 шілдеде екпіні 25 м/с күтіледі. 13-14 шілдеде облыстың батысында төтенше өрт, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, түнде солтүстігінде, шығысында, орталығында, екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғарғы өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, найзағай, күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық 37 градус күтіледі

Қарағанды облысының батысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында, батысында найзағай. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі

Ұлытау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың батысында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматыда күндіз кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.39   527.68   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети