Бүгін Қазақстан құрамасының көшбасшылары Олимпиадада бақ сынайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қазақстан құрамасының көшбасшылары Олимпиадада бақ сынайды ҰОК

16 ақпанда Қазақстан құрамасынан бес спортшы Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бақ сынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


16 ақпанда Қазақстан құрамасынан бес спортшы Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бақ сынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан атынан ең бірінші болып Ростислав Хохлов шығады. Ол тау шаңғысы сайысында сағат 14:00-де өнер көрсетеді.

Одан кейін шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшылары Денис Никиша мен Абзал Әжғалиев 500 метр қашықта жарысқа түседі.

Еске салайық, Никиша бұл қашықта кейінгі әлем чемпионатында күміс жүлде алған. Ал Әжғалиев екеуі бірге Азия ойындарында эстафетада алтын медаль жеңіп алған.

Олар 15:00-де іріктеу кезеңінен бастайды.

Ал 23:00-де шаңғы трамплинінен командалық секіруде Илья Мизерных пен Данил Васильев өнер көрсетеді.

Тікелей эфирді "Хабар", Jibek Joly және Qazsport телеарналарынан көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети