Бүгін Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
pixabay.com pixabay.com

Қазақстандағы Еңбек күні жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде еңбек етудің маңыздылығын және ел игілігі үшін жұмыс істейтіндердің үлесін атап өту үшін тойланады. Биыл қазақстандықтар Еңбек күнін 29 қыркүйекте атап өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы Еңбек күні жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде еңбек етудің маңыздылығын және ел игілігі үшін жұмыс істейтіндердің үлесін атап өту үшін тойланады. Биыл қазақстандықтар Еңбек күнін 29 қыркүйекте атап өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біздің еліміздегі Еңбек күні Қазақстан Президентінің Жарлығымен 2013 жылдың қараша айында бекітілді. Бұл күнді атап өтудің мақсаты - барлық мамандықтарға деген құрмет көрсету және кез-келген еңбектің маңыздылығын атап өту.

Іс-шаралар аясында еңбек ардагерлеріне "Еңбек ардагері" медальдары табыс етіледі. Бұл медальмен еңбек жолында жоғары жетістіктерге қол жеткізген, түрлі салалардың алдыңғы қатарлы жұмысшылары марапатталады.

Еңбек күнін тау-кен металургия кешені, теміржол көлігі, көмір өнеркәсібі, мұнай-газ кешені, машина жасау, білім, денсаулық сақтау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс және ТКШ, энергетика, банк мекемелерінің жұмысшылары атап өтеді.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Қазақстанда 2024 жылы ауыл шаруашылығынан бастап жоғары технологияларға дейінгі салаларда 9,2 миллион адам жұмыс істейді. Оның ішінде 7 миллион адам жалдауда (экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,2 пайызы), 2,2 миллион адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

2023 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда біздің елімізде жалпы жұмыспен қамту 134,6 мың адамға өсті.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,8 пайыз), білім беру (13,1 пайыз), өнеркәсіп (12,3 пайыз) және ауыл шаруашылығы (11,1 пайыз) салаларында байқалады.

Сонымен қатар, жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеп, 4,7 пайызды құрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer