“Бұл күллі түркі дүниесі үшін мән-мағынасы айрықша марапат“ - Тоқаев Qoja Ahmet Yasaui ордені туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Бұл күллі түркі дүниесі үшін мән-мағынасы айрықша марапат“ - Тоқаев Qoja Ahmet Yasaui ордені туралы Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшманов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер басшыларының бейресми саммитінде сөйлеген сөзінде Qoja Ahmet Yasaui ордені туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер басшыларының бейресми саммитінде сөйлеген сөзінде Qoja Ahmet Yasaui ордені туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы биыл Ұлыстың ұлы күнінде осы киелі Түркістан жерінде "Qoja Ahmet Yasaui" орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын еске салды. Осыған орай тиісті заң қабылданды, Президент жарлыққа қол қойды.

"Бұл күллі түркі дүниесі үшін мән-мағынасы айрықша марапат деп айтуға болады. Сол себепті кеше алғашқы мәртебелі награданы аса құрметті Президент Режеп Тайип Ердоғанға салтанатты түрде табыстадым. Осылайша, біз түркі руханиятының темірқазығы – Ясауи тұлғасын дәріптей отырып, халықтарымыздың арасындағы мызғымас бауырластық тамырын нығайта береміз деп сенемін", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.24   566.56   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +26
Ақтау +25
Ақтөбе +22
Атырау +28
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +32
П
Павлодар +23
Петропавл +32
С
Семей +22
Т
Талдықорған +29
Тараз +32
Түркістан +22
О
Орал +27
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер