Бұрынғы вице-министр Эрик Байжүнісов жаңа қызметке тағайындалды

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы вице-министр Эрик Байжүнісов жаңа қызметке тағайындалды Фото: hls.kz

Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Эрик Байжүнісов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Эрик Байжүнісов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Эрик Байжүнісов Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқармасының төрағасы болып тағайындалды. Ол бұл қызметте 8 шілдеде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Айжан Есмағамбетованы алмастырды.

Ведомство Байжүнісовтің еңбек өтілі шамамен 35 жыл екенін, соның 11 жылдан астамы мемлекеттік қызметте өткенін еске салды. Ол облыстық денсаулық сақтау басқармаларын басқарған, Денсаулық сақтау министрлігінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызмет атқарған, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығын, сондай-ақ, Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығын басқарған.

Эрик Байжүнісовке қатысты қылмыстық іс

2020 жылдың қыркүйегінде Эрик Байжүнісов бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Ол бұлтартпау шарасы ретінде үй қамағына алынған.

Сол кезде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы вице-министрге электронды қадағалау білезігі тағылғанын хабарлады. Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге деректері жарияланбады.

2022 жылдың сәуірінде Байжүнісовке қатысты қылмыстық іс 2021 жылдың 15 желтоқсанында "қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты" тоқтатылғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети