БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы: 46 ел Мәскеуді халықаралық құқықты бұзды деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы: 46 ел Мәскеуді халықаралық құқықты бұзды деп айыптады Фото:depositphotos.com

Еуроодақ, АҚШ және тағы қырықтан аса мемлекет Ресей дрондарының Польша әуе кеңістігін бұзып кіруіне байланысты БҰҰ-да Варшава жасаған мәлімдемеге қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуроодақ, АҚШ және тағы қырықтан аса мемлекет Ресей дрондарының Польша әуе кеңістігін бұзып кіруіне байланысты БҰҰ-да Варшава жасаған мәлімдемеге қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW-ға сілтеме жасап.

Ортақ мәлімдемені БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Нью-Йорктегі шұғыл отырысы алдында Польшаның Сыртқы істер министрінің орынбасары Марчин Босацкий оқыды. Құжатта Мәскеу халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын бұзды деп айыпталып, Ресейге "Украинаға қарсы соғысты тоқтатуға" және жаңа арандатушылықтан бас тартуға шақыру жасалған.

Барлығы 193 мүше мемлекеттің ішінен 46 ел және Еуроодақ делегациясы бұл мәлімдемеге қол қойды.

10 қыркүйекке қараған түні кемінде 19 ресейлік дрон Польша шекарасын кесіп өткен. Ұшқышсыз аппараттарды ұстап қалу үшін Польша авиациясымен қатар НАТО-ға мүше басқа елдердің жойғыш ұшақтары да тартылды. Варшава Ресей Польшаны әдейі нысанаға алды деп мәлімдеп, НАТО одақтастарымен кеңес сұрады. Бұл – Украинадағы соғыс басталғалы Ресей дрондары НАТО елі аумағында атып түсірілген алғашқы жағдай.

АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік дрондардың Польшаға кіруі "қателік болуы мүмкін" деп топшылады. Ресей Қорғаныс министрлігі болса, "Польшадағы нысандарды атқылауды жоспарламағанын" мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети