Дәрігер Қытайда таралып жатқан чикунгунья вирусының қауіпті бір белгісін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер Қытайда таралып жатқан чикунгунья вирусының қауіпті бір белгісін атады Фото:depositphotos.com

Чикунгунья вирусының басты белгісі - буындардағы қатты ауырсыну. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, профессор, вирусолог Виктор Зуев "Аргументы и факты" басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чикунгунья вирусының басты белгісі - буындардағы қатты ауырсыну. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, профессор, вирусолог Виктор Зуев "Аргументы и факты" басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, "чикунгунья" сөзі қытай тілінен "иілу" деп аударылады, себебі вирус буындарды зақымдайды, ал адамдар ауырсынудан бүгіліп кетеді.

"Бұл аурудың негізгі белгісі - буындардың зақымдануы. Инкубациялық кезеңі 2–12 күнге созылады. Осыдан кейін адамның дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, буындарында өте қатты ауырсыну пайда болады. Адам шынымен бүгіліп қалады", - деді вирусолог.

Зуевтің айтуынша, аурудың басқа белгілеріне бөртпе қосылуы мүмкін.

"Ауру әдетте аса асқынусыз өтеді, бірақ бәрі ағзаға байланысты. Өлім-жітім деңгейі төмен, дегенмен жүкті әйелдер мен қарт адамдар сақ болуға тиіс", - деп ескертті маман.

Чикунгунья безгегінің өршуі Қытайдың Гуандун провинциясында тамыздың басында тіркелген. Елдің оңтүстігіндегі Фошань қаласында жеті мыңнан аса адам жұқтырып, жалпы Қытай бойынша науқастар саны 10 мыңнан асты. Вирус таралуына байланысты Қытай үкіметі ел көлемінде COVID-19 кезеңіндегі профилактикалық шараларды енгізді.

Чикунгунья безгегі - қансорғыш жәндіктердің шағуы арқылы адамға жұғатын вирустық инфекция. Аурудың негізгі тасымалдаушылары - сары безгек пен денге сияқты басқа да вирустық безгектердің қоздырғыштарын жеткізе алатын екі түрлі маса.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети