Дархан Сатыбалды бірінші орынбасарын тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дархан Сатыбалды бірінші орынбасарын тағайындады Фото:gov.kz

Алмасхан Сматлаев Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алмасхан Сматлаев Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алмасхан Сматлаев қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл шешім Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілген", - делінген хабарламада.

Жаңа қызметінде Алмасхан Сматлаев көріктендіру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және жол мәселелеріне жетекшілік етеді.

Алмасхан Сматлаев еңбек жолын 2009 жылы бизнес құрылымдарында бастаған. Кейін Еуразиялық экономикалық комиссияда қызмет атқарды.

Алмасхан Сматлаев туралы не белгілі?

2014–2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды, облыс әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары болды.

2023–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.

2025 жылдан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2026 жылғы ақпанда қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі және тиімді басқарушылық қызметі үшін мерейтойлық медальдармен және "Құрмет" орденімен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети