Дауыл, жаңбыр, бұршақ: 30 тамызда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дауыл, жаңбыр, бұршақ: 30 тамызда ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер Қазақстанда жаздың соңғы күндеріндегі ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстанда жаздың соңғы күндеріндегі ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астана – түнде +10...+12 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз +18...+20 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл.

Алматы – түнде +18...+20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел 3-8 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз +33...+35 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Шымкент – түнде +19...+21 градус, аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз +34...+36 градус, аз бұлтты, жауын-шашынсыз.

Абай облысы – түнде +10...+15 градус, оңтүстігінде +18. Батыста, солтүстікте, орталығында жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, батыста, оңтүстікте, орталықта екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с. Күндіз +20...+25 градус, оңтүстігінде +28. Батыста, солтүстікте, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл.
Семей – түнде +13...+15 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз +20...+22 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай.

Алматы облысы – түнде +16...+21 градус, таулы аймақтарда +8...+13, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с, кейде 25 м/с. Күндіз +33...+38 градус, таулы аудандарда +23...+28, жауын-шашынсыз.
Қонаев – түнде +16...+18 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, кейде 25 м/с. Күндіз +34...+36 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Ақмола облысы – түнде +8...+13 градус, солтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, батыста, оңтүстікте кейде 23-28 м/с. Күндіз +15...+20 градус, жаңбыр, найзағай, солтүстікте, шығыста күшті жаңбыр, бұршақ, дауыл.
Көкшетау – түнде +11...+13 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с. Күндіз +15...+17 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай.

Ақтөбе облысы – түнде +5...+10 градус, оңтүстігінде +15, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с, солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Күндіз +19...+24, оңтүстігінде +29, жауын-шашынсыз.
Ақтөбе – түнде +8...+10 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Күндіз +22...+24 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Атырау облысы – түнде +15...+20 градус, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел 9-14 м/с. Күндіз +28...+33 градус, жауын-шашынсыз.
Атырау – түнде +16...+18 градус, ашық, жауын-шашынсыз, шығыстан жел 3-8 м/с. Күндіз +31...+33 градус, ашық, жауын-шашынсыз.

Шығыс Қазақстан облысы – түнде +10...+15 градус, оңтүстігінде +18, шығысында +7 градус. Батыста, солтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, батыста, солтүстікте, оңтүстікте 15-20 м/с. Күндіз +23...+28 градус, шығысында +20, батыста, солтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл.
Өскемен – түнде +11...+13 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз +23...+25 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай.

Жамбыл облысы – түнде +16...+21 градус, таулы аудандарда +11, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда 15-20 м/с. Күндіз +30...+35 градус, тауда +27, жауын-шашынсыз.
Тараз – түнде +16...+18 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с. Күндіз +30...+32 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Жетісу облысы – түнде +15...+20 градус, орталығында және тауда +7...+12. Жауын-шашынсыз. Батыстан жел 9-14 м/с, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз кейде 23-28 м/с. Күндіз +32...+37 градус, тауда +29, жауын-шашынсыз.
Талдықорған – түнде +10...+12 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан жел 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз +32...+34 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Батыс Қазақстан облысы – түнде +7...+12 градус, оңтүстігінде +15, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел 7-12 м/с. Күндіз +25...+30, жауын-шашынсыз.
Орал – түнде +8...+10 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Күндіз +26...+28 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Қарағанды облысы – түнде +9...+14 градус, оңтүстігінде +18. Батыста, солтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, шығыста, оңтүстікте кейде 25 м/с. Күндіз +19...+24 градус, оңтүстігінде +30, батыста, солтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай, дауыл.
Қарағанды – түнде +12...+14 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с, күндіз 15-20 м/с. Күндіз +21...+23 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай.

Қостанай облысы – түнде +7...+12 градус, оңтүстігінде +15, батыста, солтүстікте, шығыста аздаған жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с, күндіз батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Күндіз +15...+20 градус, оңтүстігінде +23, солтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай, бұршақ.
Қостанай – түнде +9...+11 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с. Күндіз +17...+19, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай.

Қызылорда облысы – түнде +15...+20 градус, солтүстігінде +12, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с, күндіз оңтүстікте, солтүстікте, орталықта 15-20 м/с. Күндіз +27...+32, жауын-шашынсыз. Оңтүстікте, солтүстікте, орталықта шаңды дауыл.
Қызылорда – түнде +16...+18, ашық. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с. Күндіз +30...+32, ашық.

Маңғыстау облысы – түнде +20...+25, жауын-шашынсыз. Оңтүстікте тұман. Оңтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с, батыста, солтүстікте, орталықта 15-20 м/с. Күндіз +35...+40, солтүстік-батыста +32, жауын-шашынсыз. Батыста, солтүстікте, орталықта шаңды дауыл.
Ақтау – түнде +22...+24, ашық, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Күндіз +35...+37, ашық.

Павлодар облысы – түнде +10...+15 градус, батыста, оңтүстікте жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Күндіз +20...+25, жаңбыр, найзағай, батыста, солтүстікте күшті жаңбыр, бұршақ, дауыл.
Павлодар – түнде +12...+14 градус, бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Күндіз +22...+24 градус, бұлтты, жаңбыр, найзағай.

Солтүстік Қазақстан облысы – түнде +7...+12 градус, жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с, оңтүстікте, шығыста екпіні 25 м/с. Күндіз +13...+18, жаңбыр, найзағай, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте күшті жаңбыр, бұршақ, дауыл.
Петропавл – түнде +9...+11 градус, бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с. Күндіз +15...+17 градус, бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл.

Түркістан облысы – түнде +18...+23, тауда +15, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 8-13 м/с, таңертең және күндіз солтүстікте, батыста, таулы аудандарда 15-20 м/с. Күндіз +31...+36, тауда +27, жауын-шашынсыз. Солтүстікте шаңды дауыл.
Түркістан – түнде +20...+22 градус, аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с, күндіз 15-20 м/с. Күндіз +34...+36, бұлтты.

Ұлытау облысы – түнде +10...+15 градус, оңтүстікте +18. Шығыста жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с, таңертең және күндіз солтүстікте, шығыста, орталықта екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с. Күндіз +22...+27, солтүстікте +19, шығыста жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл.
Жезқазған – түнде +13...+15 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с. Күндіз +24...+26 градус, көшпелі бұлтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети