Дауыл мен жаңбыр: Қазақстанның қай қалаларында ауа райы қолайсыз болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дауыл мен жаңбыр: Қазақстанның қай қалаларында ауа райы қолайсыз болады? Фото:depositphotos.com

Синоптиктер сенбі, 2 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап. Қазақстанда найзағай, жаңбыр, дауыл мен бұршақ күтіледі. Сонымен қатар, кейбір қалаларда 37 градусқа дейін аптап ыстық сақталады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер сенбі, 2 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап. Қазақстанда найзағай, жаңбыр, дауыл мен бұршақ күтіледі. Сонымен қатар, кейбір қалаларда 37 градусқа дейін аптап ыстық сақталады.

Астана – көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Жел – солтүстік-батыс, солтүстік, секундына 9–14 метр, күндіз екпіні 20, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +12–14, күндіз +22–24 градус жылы.

Алматы – көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай соғады. Жел – батыс, солтүстік-батыс, 3–8 м/с, кей уақытта екпіні 18 м/с. Түнде +17–19, күндіз +29–31.

Шымкент – көшпелі бұлтты, түнде өткінші жаңбыр жауады, найзағай соғады. Жел – солтүстік-батыс, 8–13 м/с. Түнде +18–20, күндіз +31–33.

Ақтау – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-шығыс, 9–14 м/с. Түнде +23–25, күндіз +35–37.

Ақтөбе – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік, солтүстік-шығыс, 6–11 м/с. Түнде +14–16, күндіз +28–30.

Атырау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыс, түнде 2–7, күндіз 9–14 м/с. Түнде +22–24, күндіз +34–36 градусқа дейін ыстық.

Жезқазған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік, солтүстік-батыс, 9–14 м/с. Түнде +17–19, күндіз +27–29.

Қарағанды – көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел – солтүстік-батыс, батыс, түнде 5–10, күндіз 9–14 м/с. Түнде +13–15, күндіз +22–24.

Көкшетау – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Жел – солтүстік-батыс, солтүстік, 7–12 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Түнде +14–16, күндіз +23–25.

Қонаев – көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел – батыс, солтүстік-батыс, 9–14 м/с, екпіні 18–23. Түнде +17–19, күндіз +29–31.

Қостанай – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік, солтүстік-шығыс, 9–14 м/с. Түнде +13–15, күндіз +23–25.

Қызылорда – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыс, 9–14 м/с. Түнде +18–20, күндіз +31–33.

Павлодар – бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел – солтүстік-батыс, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +14–16, күндіз +25–27.

Петропавл – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Жел – солтүстік-шығыс, түнде 9–14, күндіз 15–20 м/с. Түнде +14–16, күндіз +22–24.

Семей – көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел – оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +15–17, күндіз +25–27.

Талдықорған – көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай соғады. Жел – оңтүстік-батыс, 5–10 м/с, күндіз екпіні 14 м/с-қа дейін. Түнде +15–17, күндіз +26–28.

Тараз – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай соғады, бұршақ жауады. Жел – оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Түнде +16–18, күндіз +29–31.

Түркістан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыс, 8–13 м/с. Түнде +18–20, күндіз +33–35.

Орал – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – шығыс, оңтүстік-шығыс, 5–10 м/с. Түнде +18–20, күндіз +31–33.

Өскемен – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Жел – оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +16–18, күндіз +28–30.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети