Демалыс күні Алматының орталық көшелерінде қозғалыс шектеледі

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Демалыс күні Алматының орталық көшелерінде қозғалыс шектеледі Фото:depositphotos.com

Демалыс күні Алматыда бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Демалыс күні Алматыда бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 тамызда сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін мына көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:


Абай даңғылы бойымен – Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін; Достық даңғылы бойымен – Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін. Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне байланысты осындай шектеу енгізіледі.

"Іс-шара сағат 10:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында басталады. Уақытша өзгерісті ескеріп, жол ережелерін сақтауды сұраймыз", – деді Алматы әкімдігі өкілі.

Еске салайық, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Алматыда жыл соңына дейін 120-дан аса іс-шара өткізу жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.23  course up  574.22  course up  6.3  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети