Денис Евсеев карьерасында алғаш рет "Челленджер" турнирінде жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Евсеев карьерасында алғаш рет "Челленджер" турнирінде жеңіске жетті Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Астанадағы АТР Challenger 50 – Президент кубогы турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Астанадағы АТР Challenger 50 – Президент кубогы турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Финалда Евсеев (412 ATP) өзбек Хумоюн Сұлтановты (550 ATP) жеңді. Бірінші сетте Сұлтанов 5:1 есебімен алға шықты, бірақ Денис қуып жетіп қана қоймай, алғашқы сеттегі жеңісті жұлып алды – 7:5. Екінші ойында Хумоюн белсенділік танытып, көбірек шабуылдап, сетте жеңіске жетті – 6:2.

Ойынның шешуші сәті тартысты өтіп, ойыншылар кезек-кезек дәрігерлерді кортқа шақырды. Тоғызыншы геймде қазақстандық үзіліс жасап, 6:4 есебімен матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, Денис Евсеев карьерасындағы алғашқы "Челленджерді" жеңіп алды. Ол бұл жеңісі үшін 50 рейтингтік ұпай мен 5 500 доллар сыйақы алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети