София қаласында Дэвис кубогінің плей-офф матчында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик есепті 2:0-ге жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
София қаласында Дэвис кубогінің плей-офф матчында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик есепті 2:0-ге жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екінші кездесуде әлемнің 29-ракеткасы Бублик дүниежүзілік рейтингте 569-орында тұрған Янаки Милевпен кортқа шықты.
Бірінші партияны қазақстандық теннисші брейкпен бітірді – 6:4.
Екінші сетте Бублик бірден брейк жасап, 3:0 есебімен алға кетті. Содан кейін матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:1.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Александр 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.
Осылайша, Қазақстан – Болгария матчында есеп – 2:0.
Оның алдында Қазақстанның екінші, әлемнің 123-ракеткасы Тимофей Скатов пен дүниежүзілік рейтингіде 179-орында тұрған Димитар Кузманов кортқа шықты.
Бірінші партияда корт иесі 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Скатов 3:0 есебімен алға кеткенімен, болгариялық спортшы таразы басын теңестірді. Дегенмен, Тимофей мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.
Содан кейін шешуші, үшінші сетте бәсекені жеңіспен түйіндеді – 6:3.
Екі сағат 47 минутқа созылған кездесу барысында Скатов 12 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйс, 4 брейкпен көзге түсті.
Бүгін, жексенбі күні үш бәсеке жоспарланған. Қазақстанға матчта жеңіске жету үшін соның біреуінде ұтса, жетіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!