Дикий Арман соты: жәбірленуші мен куәгерлер қауіп төніп тұрғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дикий Арман соты: жәбірленуші мен куәгерлер қауіп төніп тұрғанын айтты Сурет: әлеуметтік желі

Дикий Арманның ісіне қатысты жәбірленуші мен куәгерлер қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы сотына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дикий Арманның ісіне қатысты жәбірленуші мен куәгерлер қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы сотына сілтеме жасап.

Алматы сотына сілтеме жасап.

15 қыркүйекте Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Арман Жұмагелдиев пен басқа да қатысушылар ісін алдын ала тыңдауды қайта бастады.

"Бірқатар жәбірленушіден, кейбір сотталушы және олардың адвокаттарынан, сондай-ақ, куәгерлерден сот отырысын жабық режимде өткізу туралы өтініш келіп түсті. Олар өмірі мен отбасыларының қауіпсіздігіне сотталушылар тарапынан нақты қауіп төніп тұрғанын айтты. Сот адвокат пен сотталушының прокурорларды алып тастау туралы өтінішін қабылдамады", - делінген сот хабарламасында.

Алдын ала отырыс барысында судья Асхат Әшірбеков процеске қатысушылардан түскен өтініш-арыздарды оқыды.

"Өз өмірі мен туыстарының қауіпсіздігі үшін қорыққан 10 жәбірленуші мен үш сотталушыдан бас сот талқылауын жабық режимде өткізу туралы өтініш келіп түсті. Олардың барлығы бірдей сипатта мәлімдеме жазған. Мысалы, (олардың бірі - еск.): "Жұмагелдиев және басқаларының ісі бойынша жәбірленушімін. Жұмагелдиев қылмыстық ортадан шыққан адам болғандықтан, мен өз өмірім үшін қорқамын" деп жазды", - деді судья Әшірбеков.

Айта кетейік, 14 қыркүйекте Алматының ІІМ ҚАЖК № 72 мекемесінде Жұмагелдиев пен Құдайбергеннің ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.

Арман Жұмагелдиев. Кадр сот отырысының онлайн режимдегі трансляциясынан

Еске салайық, бұған дейін Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа жіберілгені хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети