Джастин Бибер әлеуметтік желіде Қазақстанның табиғатын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джастин Бибер әлеуметтік желіде Қазақстанның табиғатын көрсетті Instagram/lilbieber

Танымал әнші Джастин Бибер Instagram-да Қазақстандағы Боқты тауының суретін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал әнші Джастин Бибер Instagram-да Қазақстандағы Боқты тауының суретін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Канадалық әнші Джастин Бибер Instagram-Stories-інде Қазақстандағы ең ерекше табиғи нысандардың бірі - халық арасында "Тирамису" деп аталып кеткен Боқты тауының суреттерін бөлісті.

Lada.kz мәліметінше, Бибер бұл суреттерді @earthbestshots парақшасынан репост жасаған. Суреттердің авторы - танымал пейзаж фотографы Даниэль Кордан (@danielkordan).

Боқты тауы Үстірт қорығында орналасқан. Биіктігі - шамамен 165 метр. Әсіресе, күн шыққанда және батқанда қызғылт-сары түске боялатын қабат-қабат жартасы ерекше әсер қалдырады.

Әлемдік жұлдыздың Stories-нан кейін желі қолданушылары таңданысын жасырмады:

"Бибер біздің табиғаттың суретін бөлісті дегенге сенесіз бе?" – деп жазды Instagram қолданушыларының бірі.

Жергілікті тұрғындар мұны "өңірге жасалған үлкен жарнама" деп бағалап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети