Доллар бағамы жылдық минимумға таяды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы жылдық минимумға таяды Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 5 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 5 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасы KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 495,10 теңге болды. Бұл көрсеткіш 3,36 теңгеге төмендеген.

Айта кетейік, доллар бағамы кейінгі рет осы деңгейде 2025 жылғы наурызда болған. Сол кезде, 11 наурызда, доллар тіпті 490 теңгеден де төмен түскен еді.

Ұлттық банктің 5 ақпандағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 498,65 теңге.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы төмендегідей:

Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде:

  • сатып алу – 494,55 теңге;
  • сату – 497,46 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде:

  • сатып алу – орташа есеппен 493 теңге;
  • сату – 500 теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.76  course down  582.47  course down  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети