Достық үйінде жолдауды іске асыру мәселелері талқыға түсті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Достық үйінде жолдауды іске асыру мәселелері талқыға түсті

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Достық үйінде жолдауды іске асыру мәселелері талқыға түсті

Шаһардағы Достық үйінде "Әділетті Қазақстанды құру жолындағы ауқымды реформалар" тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Жиынға Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар жетекшілері қатысты.

Іс-шарада Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру мәселелері талқыға түсті. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Жолдау даму бағытымызды айқындап берген маңызды құжат екенін атап өтіп, қоғамда тұрақтылық пен этносаралық татулықты сақтаудағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқталды.

Бүгінде еліміз Әділетті Қазақстанды құрудың практикалық кезеңіне қадам басып, қоғамда бірлік, ынтымақ, еңбекқорлық, адалдық, қарапайымдылық сынды жаңа құндылықтарды алғашқы орынға шығарды. Ассамблея мүшелері берекелі бірлік жолын жалғау арқылы қоғам игілігіне бағытталған құндылықтарға құрметпен қарап, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді.

Басқосуда қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаев биылғы Жолдауда құқық қорғау органдарына нақты тапсырмалар берілгенін айтты. Әділеттілік қағидасына сәйкес, бүгінде шаһарда саябақтар, стратегиялық маңызды нысандар мемлекет меншігіне қайтарылуда. Ендігі ретте Жолдауды кеңінен насихаттап, қолдау баршаға жүктелген міндет.

Сондай-ақ, жиында тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, Шымкент қалалық ҚХА жанындағы "Ассамблея жастары" қоғамдық ұйымының төрағасы Нұрболат Мейірбеков, ЖОО ғалымдары, Шымкент қалалық ҚХА мүшелері баяндама жасады. Көпшілік ел азаматтарын 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумге атсалысып, таңдау жасауға үндеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Шымкент Ішкі саясат басқармасы ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro