Ұлытау және Ақмола облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар уақытша жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
Ақмола облысы
5 ақпанда сағат 10:00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.
Көліктің барлық түріне шектеу қойылды:
- Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының 16–347-шақырым аралығы.
ҚазАвтожол мәліметінше, жол 2026 жылғы 5 ақпан, 15:00 ашылады.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысында да қозғалысқа шектеу енгізілді.
Сағат 10:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты қозғалыс автокөліктің барлық түріне уақытша шектелді:
- Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолының 24–137-шақырым аралығы.
ҚазАвтожол мәліметінше, жол 2026 жылғы 5 ақпан, 15:00 ашылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!