Екі өңірде ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі өңірде ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді Фото:depositphotos.com

8 қарашада Қазақстанның екі облысындағы автожолдарда ауа райының нашарлауына байланысты барлық көлік түріне шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 қарашада Қазақстанның екі облысындағы автожолдарда ауа райының нашарлауына байланысты барлық көлік түріне шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

Акмола облысы

14:00-ден бастап Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы автожолының 16-шақырымнан 200-шақырымға дейінгі (Астана - Павлодар облысының шекарасы) бөлігінде қозғалыс шектелді.

Павлодар облысы

Астана - Ерейментау - Шідерті автожолының 200-шақырымнан 25-шақырымға дейінгі (Акмола облысының шекарасы - Шідерті кенті) учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді.

Сондай-ақ, ауа райының нашарлауына байланысты 16:00-ден бастап республикалық маңызы бар Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы автожолының 255-шақырымнан 416-шақырымға дейінгі (Шідерті кенті - Атамекен кенті) бөлігінде барлық көлік түріне шектеу енгізіледі.

Барлық жол 9 қарашада 08:00-де ашылады.

Қосымша ақпаратты 1403 нөмірі арқылы колл-орталықтан білуге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети