Екібастұзда ер мен әйел полицейлерге бағынбай, қарсылық көрсеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда ер мен әйел полицейлерге бағынбай, қарсылық көрсеткен Фото: instagram/ekibasvteme/

Екібастұзда ер адам мен әйел кісі полиция қызметкерлерімен төбелескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда ер адам мен әйел кісі полиция қызметкерлерімен төбелескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

22 сәуір күні сағат 17:20-да Екібастұз полициясына Пішенбаев көшесіндегі дүкеннің жанында мас адамдар ішімдік ішіп жүргені туралы хабарлама келіп түскен.

Полицейлер оқиға орнына барған кезде дерек расталған. Шынымен де дүкен маңында 34 жастағы ер мен 32 жастағы әйел адам болған. Полицейлер екеуін уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізу туралы шешім қабылдаған. Алайда олар полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткен.

Полицейлердің киім-кешектері мен қызметтік көлік құралдары зақымданған.

Ұсталғандар "орташа" дәрежелі алкогольдік масаң күйде болған. Барлығы уақытша бейімделу және детоксикация орталығына орналастырылды.

Азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети