17 маусым 2023 | 15:11

"Екібастұзтеплоэнерго" объектілеріндегі апат фактісі бойынша іс сотқа жолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС объектілеріндегі апат фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу аяқталды және сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС объектілеріндегі апат фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу аяқталды және сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

2022 жылы 30 қарашада Павлодар облысының прокуратурасы ҚР ҚК 254-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (коммерциялық ұйымдағы міндеттеріне адал қарамау).

"Тергеу барысында Екібастұз ЖЭО-да ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйінің тиісті жағдайда болмауы салдарынан қысым датчигінің импульстік түтігі қатып қалғаны, нәтижесінде реттеуші жалған көрсеткіштер негізінде сумен қоректендіруді ұлғайтқаны анықталды. Бұдан әрі химиялық цехтың қызметкерлері тағы екі сорғыны қосқандықтан, қысым көтеріліп, ЖШС-ның жылу желілерінде көптеген бұзылыстарға әкеп соқтырды, - делінген хабарламада.

Жүргізілген сараптамалар (металдар мен қорытпаларды зерттеу, құрылыс-техникалық және энергетикалық-технологиялық) құбырлар магистралінің 100 пайыз пайдаланудан тозуы, қазандық турбиналық және су жылыту цехтарының бас корпусы конструкциясының авариялық жай-күйі, басшылық пен жедел персоналдың қате және келісілмеген әрекеттері анықталды, бұның бәрі апатқа әкелді.

Сондай-ақ аудит, МСҚБ, ТЖД, СЭС, еңбек басқармасы, ДРЭМ, ҚМА және ҚР ЭМ мамандары тартылды, олар ЖШС электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану кезінде көптеген бұзушылықтарды анықтады.

"2023 жылы 16 мамырда ЖШС бұрынғы бас директорының, ЕЖЭО және ЭЖС директорларының іс-әрекеттері ҚР ҚК 254-бабы бойынша сараланды.

2023 жылы 22 мамырда тергеу аяқталды және 2023 жылы 15 маусымда прокурор зерделегеннен кейін іс мән-жайы бойынша қарау үшін Екібастұз қалалық сотына жіберілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2023 жылы 11 қаңтарда ҚР ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі (салғырттық) бойынша жылыту маусымына жауапты лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, онда екі фигурант (аумақтық Энергетикалық қадағалау департаментінің басшысы және Екібастұз қаласының ТКШБ басшысы), яғни өкілеттіктеріне байланысты жылыту кезеңінде ЖШС қызметін қадағалау және тиісті бақылауды қамтамасыз етуге міндетті тұлғалар анықталды және күдікті деп танылды.

Осы факті бойынша тергеу жалғасып жатыр, ҚР ҚІЖК 47, 201-баптарының талаптарына сәйкес өзге ақпарат құпиялылықты және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтарын сақтау мақсатында жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети