Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: БАҚ-та сұмдық дерек жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: БАҚ-та сұмдық дерек жарияланды instagram.com/podslushano.de

БАҚ-та Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваға қатысты істің жаңа дерегі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БАҚ-та Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваға қатысты істің жаңа дерегі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сайлыбаевтар отбасының адвокаты Telegram-дағы BAZA арнасына берген мәліметінде, Айгүл 2015 жылы Ұлыбританияда Александр Донцовпен танысқанын айтты. Бірнеше жылдан кейін екеуі үйленіп, қызы дүниеге келген. Уақыт өте келе отбасындағы қарым-қатынас бұзылып, жанжал жиілей түскен.

Адвокаттың сөзінше, Айгүлдің енесі Наталья Донцовамен арақатынасы тіпті қиындаған. Наталья Донцова бір кездері тергеуші әрі нотариус болып жұмыс істеген. 2018 жылы ол ЛДПР партиясынан Мәскеу мэріне үміткер ретінде сайлауға түскен. Дәл осы Наталья ұлы мен келінінен Германияға көшіп баруды талап еткен екен.

Жұмбақ жоғалу

2024 жылғы 4 маусымда Айгүл із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазақстандағы туыстары онымен байланыса алмаған, ал күйеуі әйелінің қайда екенін түсіндіріп бере алмаған. Бір аптадан аса уақыт бойы полиция мен еріктілер Айгүлді іздеп, ақыры жергілікті көл маңынан бөлшектенген мәйітті тапқан. Сараптама бұл адамның Айгүл Сайлыбаева екенін растаған. Сонымен қатар, оның қаза тапқан сәтінде жүкті болғаны да анықталған.

Бір қызығы, Айгүл жоғалған түннің ертеңінде Наталья Германиядан бір сөмкемен ғана ұшып кеткен. Әуежайдағы камералар оның қолы жарақаттанғанын да тіркеген.

Алайда күйеуі Александр Донцов тергеушілердің назарын аса аудартпаған. Отбасының заңгері мұны ақылға қонбайтын жағдай деп атап, Донцовты кейін күдіктілер қатарынан алып тастауға қолданылған баптың ұрланған мүлікті жасыруға қатысты екенін айтады. Төрт ай бойы ол әйелін "жоғалтқаны" үшін айына 1200 еуро алып отырған. Жәрдемақы тоқтаған соң, қызын ертіп өзі де Ресейге ұшып кеткен.

Осыдан кейін ғана 4 маусымда болған оқиғаның "сұмдық" жайты ашылған: Донцовтардың үйінен өшірілген қан іздері және Натальяның іздері бар ықтимал қылмыс құралы табылғаны жазылады.

Адвокаттың нұсқасы: сұмдық жайт күні не болды?

Адвокаттың ықтимал нұсқасына сәйкес, сол күні Айгүл күйеуінің қызына жасырын түрде Ресей азаматтығын рәсімдеп жатқанын біліп қалған. Жанжал кезінде күйеуі Айгүлді итеріп жіберген, ол басын соғып, есінен танып қалған. Донцов оны өлтіріп алдым деп ойлап, анасына хабарласқан.

Адвокаттың айтуынша, Айгүл есін жиған кезде Донцовтар ойлаған жоспарын жасап үлгерген. Айгүл қарсылық танытып, енесін жаралап та үлгерген: Наталья оны пышақпен ұрған көрінеді. Соңында Айгүл басынан ауыр затпен соққы алып, қаза тапқан. Мұның бәрі олардың қызының көз алдында болғаны, ал бала көрген сұмдықтан кейін бірнеше күн сөйлей алмай қалғаны да айтылады.

Адвокаттың сөзінше, аутопсия хаттамасынан мәйітті бөлшектеуге тырысқан белгі болған. Бөлшектенген денені бір жарым апта мұздатқышта сақтаған. Одан кейін Александр көл маңындағы кәріз құбырына тығып кетпек болған, бірақ 16 маусымда еріктілер сол жерден Айгүлдің мәйітін тапқан.

"Істегі басты айғақтар - пәтерде және күйеуінің жертөлесінде, енесіің көлігінде табылған қан іздері. Сонымен қатар, Айгүл мен Наталья Донцованың ДНҚ-сы бар ықтимал қылмыс құралы да табылған", - деп жазады BAZA.

Қазір күдіктілер қайда және отбасы не талап етеді?

БАҚ мәліметінше, қазір Наталья Донцова Мәскеуде тұрады. Оның ұлы Александр да Мәскеуде, ол Ұлттық зерттеу университеті - Жоғары экономика мектебінде жұмыс істейді.

Айгүл Сайлыбаеваның отбасы болжамды қылмыскерлерге қатысты сот өтуін талап етіп, істің әділ қаралуына қол жеткізгісі келеді.

Айгүл Сайлыбаеваның өлімі

2024 жылғы маусымда Германияда қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткені белгілі болды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 5 маусымда Қазақстанның Франкфурт-на-Майн қаласындағы бас консулдығына Қазақстан азаматтары екі күн бұрын жоғалған қызы бойынша жүгінген.

Кейін жоғалған әйелдің денесі Бенсхайм қаласының маңынан табылғаны туралы ақпарат шықты. Немістің Bild басылымы мәйіттің пластик қапта болғанын, ал әйелдің өлім алдында зорлық көргенін хабарлады.

Германияның құқық қорғау органдары адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Германия Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Дармштадт қаласының сот шешімімен Сайлыбаеваның енесі Наталья Донцова күдікті деп танылған. Оған Германия бойынша және бүкіл Еуропа аумағында қамауға алу туралы ордер берілген.

Қазақстан ІІМ бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваны азаптау дерегі бойынша тергеуді бастаған. Қазақстанда марқұмның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.75  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети