Ел тағдырына бей-жай қарамады: Тоқаев қазақстандықтарға алғыс білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ел тағдырына бей-жай қарамады: Тоқаев қазақстандықтарға алғыс білдірді © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға қатысып, мемлекетіміздің тағдырына бей-жай қарамаған бүкіл ел азаматына шынайы ризашылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға қатысып, мемлекетіміздің тағдырына бей-жай қарамаған бүкіл ел азаматына шынайы ризашылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Референдумға жұртшылық өте белсенді қатысты, бұл да қуанарлық жағдай. Осы сайлау науқаны ырысты ынтымағымызды паш етті. Бұл да өте маңызды үдеріс. Өйткені біз азаматтарымыздың отаншылдық рухын айқын сезіндік", – деді ол Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде.

Мемлекет басшысы Түркістан жұртшылығы әрдайым елдік істен сырт қалмай, жүргізіліп жатқан реформаларды жаппай қолдап келетінін айтты.

"Бұл жолы да сіздер ауызбіршіліктің озық үлгісін айқын көрсеттіңіздер. Түркістан референдумда Ата заңды қолдаған ең белсенді облыстардың қатарында тұр. Дауыс берген жұртшылықтың 92,21 пайызы жаңа Конституцияны қолдады", - деді Тоқаев.

Президент Түркістанға ерекше құрметпен қарайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – бауырлас түркі халықтарының қасиетті мекені, онда ұлттық болмыс, қайсар рух, бірегей мәдениет пен дәстүр көрініс тапқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети