“Елді қорғауға дайынбыз“. Венесуэланың вице-президенті Мадуроны дереу босатуды талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Елді қорғауға дайынбыз“. Венесуэланың вице-президенті Мадуроны дереу босатуды талап етті Yahoo

Президент Николас Мадуро тұтқындалғаннан кейін елдегі билік өзіне өткен тұлға - Венесуэланың вице-президенті Делси Родригес сенбіде Ұлттық қорғаныс кеңесінде бірқатар мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Николас Мадуро тұтқындалғаннан кейін елдегі билік өзіне өткен тұлға - Венесуэланың вице-президенті Делси Родригес сенбіде Ұлттық қорғаныс кеңесінде бірқатар мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Родригес Венесуэла өзінің табиғи ресурстарын қорғауға дайын екенін айтты.

"Венесуэланы қорғауға дайынбыз, ұлттық дамуға қызмет етуге тиіс табиғи ресурстарымызды қорғауға дайынбыз", – деді ол.

Вице-президент Венесуэланың ешқашан отар күйіне қайтып оралмайтынын атап өтті:

"Венесуэла халқы біздің ешқашан құлдық жағдайына қайта түспейтінімізді анық түсінеді. Біз ешқашан отар жағдайына қайта оралмаймыз".

Оның сөзінше, Николас Мадуро Венесуэланың жалғыз әрі заңды көшбасшысы болып қала береді.

"Бұл елде бір ғана президент бар, оның аты - Николас Мадуро. Біз оны және оның жұбайы Силия Флоресті дереу босатуды талап етеміз", – деді ол АҚШ шабуылынан кейін өткен Қорғаныс кеңесінің отырысында.

Родригес АҚШ-тың шабуылы аясында азаматтарды сабыр сақтауға және бірлікті нығайтуға шақырды.

"Венесуэлаға жасалған күшті өңірдегі кез келген елге жасай алады. Күш қолдануды кез келген мемлекетке қарсы қолдануы мүмкін", – деді ол.

Сөз барысында саясаткер АҚШ-тың "операциясының" мақсаты - режимді ауыстыру және Венесуэланың ресурстарын басып алу екенін мәлімдеді.

Бұған дейін сенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп Родригес ынтымақтастыққа дайын екенін алға тартқан. Сонымен қатар, ол өз әкімшілігінің Родригеспен "бірнеше рет" сөйлескенін атап өтті.

3 қаңтарға қараған түні Венесуэланың астанасы Каракаста жарылыстар болды. Кейінірек Трамп АҚШ ауқымды соққылар жасағанын, ал Мадуро жұбайы Силия Флореспен бірге ұсталып, елден шығарылғанын мәлімдеді.

АҚШ-тың бас прокуроры Памела Бондидің айтуынша, олар жақын арада Нью-Йорк штатының Оңтүстік округіндегі сот алдында жауап береді. Кейінірек Трамп Мадуро мен оның жұбайы кемеде отырғанын айтып, Венесуэла көшбасшысын тасымалдау сәтінен фото жариялаған. Мадуроға төрт ретке дейін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төнуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.37  course up  597.86  course up  6.31  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети