Елдегі ең төменгі жалақы көлемі өзгермейді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте мәлімдед, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір біздің алдымызда ең төменгі жалақыны көтеру жоспары тұрған жоқ. Бүгінде ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге, әзірге оны арттыруды қарастырып отырған жоқпыз", – деді Серік Жұманғарин Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.
Бұл шешімге Қаржы министрі Мәди Тәкиев те қарсылық білдірмеді. Бірақ, нақты есептеу жүргізілгеніне назар аударды.
"Біз есептегенде, барлық көрсеткіш қарасақ, орташа, минималды мөлшер шамамен 90 мың теңге болуы керек. Бірақ, жағдайды ескере отырып, қазіргі деңгейде қалдыруды жөн көрдік", – деп қосты ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!