Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында екінші рет Үлкен дулыға турнирін жеңіп алды. Australia Open финалында қазақстандық спортшы Беларусь өкілі, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында екінші рет Үлкен дулыға турнирін жеңіп алды. Australia Open финалында қазақстандық спортшы Беларусь өкілі, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алғашқы сетте Қазақстанның әлемдік рейтингтегі 5-ракеткасы Рыбакина брейк жасады. Бірінші партияны ол 6:4 есебімен аяқтады.

Екінші сетте ойын аяғына дейін тең өтті.

Шешуші сетте Соболенко брейк жасап, 3:0 есебімен алға шықты. Дегенмен Рыбакина есепті теңестіріп қана қоймай, қатарынан бес гейм ұтып, алға шықты.

Матч қорытындысы: 6:4; 4:6; 6:4 - Елена Рыбакинаның пайдасына.

Еске салайық, Australia Open - 2026 жылғы Үлкен дулыға додаларының алғашқысы. Қазақстандық теннисші турнирді словениялық Кайя Юванды жеңуден бастап, кейін франциялық Варвара Грачёваны, чехиялық Тереза Валентовуды және бельгиялық Элизе Мертенсті ұтқан.

Ширек финалда Рыбакина Польшаның екінші ракеткасы, "Ролан Гаррос" турнирінің төрт дүркін чемпионы Ига Швёнтёкті сенсациялық түрде ойсырата жеңді. Ал жартылай финалда АҚШ өкілі Джессика Пегуланы сенімді түрде ұтты.

Айта кетейік, Рыбакина финалға дейін бірде-бір сет ұтылған жоқ.

Елена Рыбакина 2023 жылы да Аустралиядағы Үлкен дулыға турнирінің финалына шыққан еді, алайда онда Арина Соболенкода үш сетте жол берген.

2022 жылы Рыбакина Уимблдонды жеңіп алса, 2025 жылғы қарашада WTA қорытынды турнирінің чемпионы атанған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.24  course up  597.92  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети