Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен турнирінің (Аустралия) финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен турнирінің (Аустралия) финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елена Рыбакина жартылай финалдық матчын чехиялық теннисші, әлемнің 40-ракеткасы Линда Носковоға қарсы өткізді.

Матч 1 сағат 3 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Рыбакина матч кезінде 8 эйсті орындап, бір қос қателік жасады. Бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Ал оның қарсыласы бір эйс пен үш қос қателік жасап, төрт брейк-пойнттың ешбірін өз есебіне жаза алмады.

Енді Елена Рыбакина финалда Беларусь теннисшілері Арина Соболенко мен Виктория Азаренко арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети