Елена Рыбакина жүлде қоры бір миллион доллар болатын турнирдің финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елена Рыбакина жүлде қоры бір миллион доллар болатын турнирдің финалына шықты Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы Ningbo Open турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы Ningbo Open турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ширек финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы әрі әлемдік рейтингінде 9-нөмірлі Елена италиялық Жасмин Паолиниді (рейтингте 8-орын) жеңді.

Ойын екі сетте Еленаның пайдасына 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.

Еленаның финалдағы қарсыласы әзір анықталған жоқ. Ол параллель кездесуде өзара ойнайтын ресейліктер Диана Шнайдер мен Екатерина Александрова арасындағы матчтің жеңімпазы болады.

Айта кетейік, Қытайдағы Ningbo Open турнирінің жүлде қоры - 1 064 510 доллар. Турнир жеңімпазы 164 мың доллар алады.

Турнирдің алғашқы ойынында Қазақстанның үздік теннисшісі тартысты ойында украиналық Даяна Ястремскаяны жеңген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети