27 мамыр 2023 10:06

Елена Рыбакина: Кез келген қарсыласты жеңе аламын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: tennismajors.com Фото: tennismajors.com

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алдағы "Ролан Гаррос" турнирінің төсеніші туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алдағы "Ролан Гаррос" турнирінің төсеніші туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен төсенішке қарамастан, өзімді сенімді сезінемін. Ал барымды салсам, кез келген қарсыласты жеңе аламын. 2019 жылы Бухарестте өткен турнирде жеңіске жеткеннен кейін топырақ төсенішінде жақсы ойнай алатыныма көзім жетті. Тек басқаша дайындалуым керек. Дайындыққа көбірек уақыт та керек шығар. Сондай-ақ бұған дейінгі тәжірибе де маңызды.

Біз ойынның барлық аспектісін жақсартуға тырысамыз және әлі де көп нәрсе істеу керек деп ойлаймын, бірақ бәрі дұрыс бағытта келе жатыр", - деп келтірді Рыбакинаның сөзін Tennis Majors.

Рыбакинаның Франция ашық чемпионатындағы ("Ролан-Гаррос") бірінші айналымындағы қарсыласы чехиялық 16 жастағы теннисші Бренда Фругвиртова болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети