Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде Олимпиада чемпионын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде Олимпиада чемпионын жеңді Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан көрме турнирінде швейцариялық Белинда Бенчичті жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан көрме турнирінде швейцариялық Белинда Бенчичті жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы әрі әлемдік рейтингте 5-нөмірлі Рыбакина 11-орында тұрған қарсыласын ұтты.

Кездесу Рыбакинаның пайдасына 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 16 минут ойнады. Осы уақыт ішінде Рыбакина 11 эйс жасап, екі қателікке жол берді және 5 брейк-пойнттың 2-еуін сәтті пайдаланды.

Жексенбіде, ақтық ойында Елена Рыбакина жұптық разрядта Андрей Рублёвпен бірге кортқа шығады. Олардың қарсыластары - Швёнтек пен Вашеро.

Теннистен Әлемдік континентік кубок биыл алғаш рет өтіп жатыр. Турнир алғаш рет Шэньчжэньде ұйымдастырылып отыр. Қазақстандық теннисші бұл көрме жарысында әлем құрамасының сапында ойнап жатыр. Онымен бірге командада ресейлік Андрей Рублёв, сондай-ақ қытайлық ойыншылар Чжан Чжичжэнь және Ван Синьюй бар.

Әлем құрамасына Еуропа құрамасы қарсылас болып тұр. Бұл командада Белинда Бенчичтен бөлек, польшалық Ига Швёнтек, италиялық Флавио Коболли және Монако өкілі Валентен Вашеро өнер көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейінгі матчте Елена Польшаның екінші ракеткасы Ига Швёнтекке 3:6, 3:6 есебімен жеңілген.

Еске салайық, 2025 жылы Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде тарихи жеңіске жетіп, бұл атақты иеленген Қазақстаннан шыққан алғашқы теннисші атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети