Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) WTA 1000 санатындағы турнирдің финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) WTA 1000 санатындағы турнирдің финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Рыбакина жарыстың ақтық сынында WTA рейтингінде 53-орында тұрған америкалық Даниэль Коллинзпен кездесті.
Ол қарсыласынан 5:7, 3:6 есебімен екі сетте жеңілді.
Қазақстандық теннисші 2 сағат 2 минутқа созылған матч кезінде бес эйс жасап, 11 брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды.
Оның қарсыласы 4 эйс пен үш қос қателік жасады. Жеті брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Рыбакина екінші жыл қатарынан осы жарыстың титулын жеңе алмады. Ол былтыр да финалға дейін жетіп, соңғы ойында чехиялық теннисші Петра Квитоваға есе жіберген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!