Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды LyazaTretyakova/depositphotos.com

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жекелей сын

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін рейтингте 5-орыннан 3-орынға көтерілді. Ол Мельбурнде чемпион атанып, Қазақстан атынан бұл турнирдің титулын жеңіп алған тұңғыш теннисші ретінде тарихқа енді.

Айта кетейік, WTA рейтингіндегі 3-орын - Рыбакинаның мансабындағы ең жоғары көрсеткішінің қайталануы. Ол 2023 жылы да осы сатыда тұрған.

Юлия Путинцева 24 орынға бір-ақ көтеріліп, 70-орынға жайғасты. Зарина Дияс 282-орында тұр (бұған дейін 8 саты төмен болған). Жібек Құламбаева 3 орынға төмендеп, 387-орынға түсті.

Әлемдік рейтингтің алғашқы екі орнын бұрынғыша Арина Соболенко мен Ига Швёнтек сақтап қалды.

Жұптық сын

Анна Данилина 3 саты жоғарылап, жұптық рейтингте 11-орынға көтерілді.

Ал үздік үштік қатарында чех теннисшісі Катерина Синякова, америкалық Тейлор Таунсенд, сондай-ақ үшінші орынды бөлісіп тұрған италиялық Жасмин Паолини мен Сара Эррани бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.24  course up  597.92  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети