Елена Рыбакинаның WTA 500 турниріндегі қарсыластары кімдер?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елена Рыбакинаның WTA 500 турниріндегі қарсыластары кімдер? Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаның Аустралиядағы Брисбен қаласында өтетін WTA 500 турниріндегі қарсыластары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаның Аустралиядағы Брисбен қаласында өтетін WTA 500 турниріндегі қарсыластары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Турнир қашан өтеді?

WTA 500 санатындағы жарыс Брисбенде 4–11 қаңтар аралығында өтеді.

Рыбакина қашан және кіммен ойнайды?

Жоғары рейтингінің арқасында Елена алғашқы айналымды өткізбей, бірден екінші айналымнан бастайды. Оның екінші айналымдағы қарсыласы АҚШ теннисшісі Эшлин Крюгер (№44) мен іріктеуден өткен "сәтті жеңімпаздардың"(lucky loser) бірінің матчінен кейін белгілі болады. Рыбакинаның алғашқы ойыны 6 қаңтарға жоспарланған.

Кестедегі ықтимал қарсыластар

Рыбакина тұрған ширекте ресейлік Екатерина Александрова (№7) бар. Ал жартылай финалда оның ықтимал қарсыласы ретінде әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко аталып отыр.

Былтырғы нәтиже қандай?

2024 жылы Рыбакина Брисбен турнирін жеңіп, финалда дәл осы Соболенконы ұтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети