Елордада азық-түлік тапшылығы жоқ - әкімдік

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада азық-түлік тапшылығы жоқ - әкімдік

Елордада күн сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына бақылау жүргізіледі. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтанда азық-түлік тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімшіліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада күн сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына бақылау жүргізіледі. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтанда азық-түлік тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімшіліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қаладағы сауда нысандарына бақылау жүргіземіз. Аумақта азық-түлік тапшылығы жоқ. Қалаға алты блокбекет қойылған. Барлық блокбекет қойылған күннен бастап азық-түлік тауарларын жеткізу бойынша мәселелер шешілді. Барлық сауда желісі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Рұқсат етілген уақыт таңғы 8-ден 22.00-ге дейін", - деді Ерлан Бекмұрзаев.

Қала әкімінің орынбасары барлық кәсіпкерлерден ережелерге бағынуды, сөрелерден ішімдіктерді алып тастауды, жұмыс уақыты мен режимін сақтауды сұрады.

"Әріптестерімізбен бірге күн сайын әлеуметтік маңызы бар тауарларға бақылау жүргіземіз. Баға өскен жағдайда кәсіпкерлерге қатаң шаралар қолданылады", - деп толықтырды ол.

Әкімшілік қызметкерлері қаланың ірі сауда орталықтарын аралаған. Қарбалас кезінде азық-түлік тапшылығы байқалмағаны айтылды.

"Қазір Нұр-Cұлтанда Magnum желісінің барлық дүкені ашық. Олардың жұмыс уақыты төтенше жағдай режиміне сәйкес келеді. Жағдай тұрақталса, уақыты ұзарады. Дүкендерде қарбалас байқалмады, әлеуметтік маңызы бар тауарлар қолжетімді. Бағалар тұрақты. Тауарлар қымбаттамады. Серіктестерімізге бағаны тұрақты ұстап тұрғаны үшін алғыс айтамын. Ішімдік сатылымнан алып тасталды", - деді Magnum компаниясының директоры Елена Зименко.

"Төтенше жағдай режимі дүкендер жұмысына әсер етпеді. Барлық тауар бар. Бұл біздің дүкенге ғана қатысты емес, бәрінде солай. Сабыр сақтау керек. Тұтынушылардан керек деген нәрсені ғана сатып алуларын сұраймыз, дүрбелең тудырмау қажет. Бәріне жетеді", - деді "Анвар" гипермаркетінің директоры Наталья Крастынь.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course up  601  course up  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети