Ең жылы күн 167 жыл бұрын тіркелген: 19 ақпанда Алматыда температура рекорды жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ең жылы күн 167 жыл бұрын тіркелген: 19 ақпанда Алматыда температура рекорды жаңарды Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Синоптиктер температура деректерін жаңартып, 19 ақпанда Алматыда 1859 жылдан бергі ең жылы күн тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер температура деректерін жаңартып, 19 ақпанда Алматыда 1859 жылдан бергі ең жылы күн тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, 19 ақпанда ауа температурасы +23,6 градусқа дейін көтерілген. Бұған дейінгі абсолют рекорд +19 градус 1979 жылғы 17 ақпанда тіркелген еді.

Еске салайық, Алматыда 16 ақпаннан бастап күн жыли бастады: сол күні ең жоғары температура +14,5 градусқа жетті.

Алматы және Алматы облысы бойынша "Қазгидромет" филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Дәулет Кесебаевтың айтуынша, қазіргі синоптикалық жағдай "жылудың кең ауқымда таралуы" деп аталады. Бұл - оңтүстік-батыс және оңтүстік бағыттағы желдер арқылы Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіне жылы ауа келіп, кейін оның тропосфераның барлық қабатына кеңінен таралу үдерісі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети