Еңбек министрі “аутист балаларды өлтіруге шақырған“ блогердің сөзіне жауап берді

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек министрі “аутист балаларды өлтіруге шақырған“ блогердің сөзіне жауап берді Фото ©️ Tengrinews.kz

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мәжіліс кулуарында блогердің аутизмі бар балаларды өлтіруге шақыруына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мәжіліс кулуарында блогердің аутизмі бар балаларды өлтіруге шақыруына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогер әлеуметтік желіде аутизмі бар балаларды не емдеу, не өлтіру керек деп жазған.

"Бұл пікірді өз басым қолдамаймын. Мұндай жағдайлар мен көзқарастарға жол берілмеуі тиіс. Біз инклюзивті қоғам құрып жатырмыз және мүгедектікке байланысты ешқандай кемсітушілікке жол бермейміз", – деді Жақыпова.

Оның айтуынша, аутизмі бар балалар бірнеше ведомствоның – Оқу-ағарту, Еңбек және Денсаулық сақтау министрліктерінің ерекше бақылауында.

"Біз бұл балаларды толық қолдап келеміз. Ал блогерге қатысты құқық қорғау органдары ең дұрыс әрі ең қатаң шешім қабылдайды деп ойлаймын", – деп қосты министр.

Айта кетейік, бұған дейін блогер Райхан Жұмамуратова әлеуметтік желідегі парақшасында даулы жазба қалдырған болатын. Осыған байланысты Алматы полициясы аутизмі бар балаларға қатысты жеккөрушілікке шақыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети