ER-BATYR жобасында Раимбек Баталов: Қазақстанның болашағы, адалдық пен Forbes тізімі туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасында Раимбек Баталов: Қазақстанның болашағы, адалдық пен Forbes тізімі туралы

ER-BATYR жобасында танымал кәсіпкер және қоғам қайраткері Раимбек Баталов. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында неліктен ол үшін Forbes тізімінде болу маңызды емес екенін, адалдық пен этикаға сай болу ірі кәсіпте қаншалықты кедергі келтіретінін және неліктен Қазақстанның болашағы ерекше екенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20:00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да көре аласыздар. 

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Раимбек Баталов - танымал кәсіпкер және қоғам қайраткері, Raimbek компаниясының негізін қалаушы және басшысы, Қазақстан кәсіпкерлері форумы кеңесінің және "Атамекен" ҰКП ШОБ дамыту комитетінің төрағасы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) Іскерлік кеңесінің қазақстандық ұлттық бөлігін басқарады, Қазақстан су асты спорты федерациясының президенті, Қазақстан велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті, Азия велоспорт конфедерациясының вице-президенті. Қазақстан меценаттар клубының әдебиет, өнер және ағарту саласындағы тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының құрылтайшыларының бірі. Елдегі ең беделді 50 кәсіпкердің қатарына кіреді.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан қараңыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.15  course down  592.2  course up  6.49  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети